Жаңалықтар

Екібастұздың жылу электр орталығын меншік иесі өзі жөндесін – Тоқаев

Екібастұздың жылу электр орталығын меншік иесі өзі жөндесін – Тоқаев

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз мәселесін көтерді, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Бірінші, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет. Негізі, бұл – ауыл мен қаланың ауқымында шешіле беретін тұрмыстық мәселе. Бірақ біз оны Үкіметтің деңгейінде қарауға мәжбүрміз. Өйткені, осы саладағы төтенше оқиғалар тым көп болып кетті. Петропавлда, Теміртауда, Степногорскіде, Балқашта, Қарағандыда, Ақтөбеде және Риддерде апаттар болды. Бірақ соның ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ», - деді Тоқаев.
«Бұл нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек. Әбден тозған орталықты мемлекет тиімді басқара ала ма, ең алдымен, осыны зерттеу керек. Кәсіпорынның 50 пайызын алып, меншік иесіне Жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн», - деді Тоқаев.

Taulik.kz