Көлгінов азық-түлік алуға айына қанша қаражат жұмсайтынын айтты
Көлгінов азық-түлік алуға айына қанша қаражат жұмсайтынын айтты
Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Алтай Көлгінов ай сайын азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды taulik.kz.
«Біз азық-түлік алуға ай сайын шамамен 300-350 мың теңге жұмсаймыз. Жұбайым қала дүкендерінен сатып алады», - деді ол.Сонымен қатар Көлгінов жаңа лауазымда қандай жалақы алатынын білмейтінін айтты. Дегенмен Елорданың әкімі қызметін атқарған кезінде ол айына 1,9 млн теңге көлемінде жалақы алған.