Қайғылы оқиға: Қызылордадағы кен орнында 2 қызметкер қаза тапты
Қайғылы оқиға: Қызылордадағы кен орнында 2 қызметкер қаза тапты
Қызылорда облысында кен орнында газдан уланған екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Аталған оқиға байланысты хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 12 желтоқсанда сағат 20:30 шамасында келіп түскен.
"Онда серіктестіктің бірінің өкілінен Сырдария ауданы аумағында орналасқан Белқұдық Тұзкөл ұңғымасы No49 кен орнындағы тұрғын жайға арналған металл вагонда көміртегі газымен уланған екі адамның қайтыс болғаны айтылған. Олар - 1972, 1975 жылғы азаматтар, Қызылорда қаласында тұрады. Жергілікті серіктестіктің бірінде күзетші қызметін атқарған", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Taulik.kz