Жаңалықтар

Қарағандыда Ресей әншісінің концерті өте ме?

Қарағандыда Ресей әншісінің концерті өте ме?

Қарағанды облыстық филармониясы Ресей әншісі Лариса Долинаның концерті болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz. Arbat.media мәлімдегендей, бұдан бұрын іс-шараның алдағы жылғы 12 ақпанда Қарағанды циркінде өтетіні туралы афиша тараған. Кейін Қ.Байжанов атындағы концерт бірлестігі басшысының бұл концерттен бас тартқаны белгілі болды. Филармониядағылар концертті коммерциялық прокатшы ұйымдастырып отырғанын, оның келісімшартында өнер көрсету алаңы ретінде цирктің көрсетілмегенін атап өтті. Қазір Қ. Байжанов атындағы концерт бірлестігі мен ұйымдастырушылар арасында әншінің цирк ғимаратында концерт өткізуі жөнінде тараптардың келісімге келгенін айғақтайтын заңды құжат жоқ екені анықталып отыр. Лариса Долинаның концертін қарағандылықтар соншалықты шаттанып қарсы алған жоқ. Кеншілер қаласында оның өтуіне қарсы болғандар өте көп болды. Филармониядағылар іс-шарадан бас тартушылыққа тұрғындардың реакциясы тікелей әсер еткенін мойындады. Себебі ол әнші де Ресей бастаған соғысты қолдайтын өнер жұлдыздарының қатарында. Оны басқыншылардың өзі өскен елге қырғын салып жатқаны да толғандырмайды. Лариса Долина 1955 жылы 10 қыркүйекте Әзербайжан астанасы – Баку қаласында еврейлер отбасында туған. Әкесі – Александр Маркусович Кудельман, анасы – Галина Израиловна Кудельман (туғанда – Долина). Болашақ әншінің 3 жасында оның ата-анасы өздерінің туған қаласы – Одессаға көшіп барады. Долина Ресей 2014 жылы Донбаста сепаратистік билік орнатқанда да, Қырымды өзіне қаратып алғанда да, 2022 жылы Украинаға тұтқиылдан соғыс ашқанда да бір ауыз сөз айтып, жағын ашқан жоқ. Мұның орнына өзінің «үшінші отаны» – Ресейді жақсы көретінін, өзінің өрлеуіне осы елдің үлесі мол болғанын қайта-қайта айтумен келді. Лариса Instagram-да өзі айтқандай, «әлемде шын мәнінде не болып жатқанын көріп, біліп отыр».
Мен бұлардың барлығы туралы көп ойланамын. Жүрегімде алуан түрлі сезімдер тоғысқан, олар бір-бірімен келіскісі келеді. Ал мен өзім басынан өзіммен келісіп алғанмын. Бәрін көріп, біліп отырмын. Шындықты білемін. Каспийді жақсы көремін, соның жағасында туғанмын. Мен өзімнің өскен және сүйікті Одессамды сүйемін, бірақ оның бүгінгісін білмеймін. Қазір бұрынғы Одесса жоқ, – деді Долина.

Taulik.kz