Жаңалықтар

Маңғыстау облысында ер адам үш баласын өлтіріп, өзіне қол салды

Маңғыстау облысында ер адам үш баласын өлтіріп, өзіне қол салды

Маңғыстау облысында ер адам мен үш баланың мәйіті табылды. 11 желтоқсанда сағат 19:45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында 4 адамның асылып өлгені туралы хабар түскен, деп хабарлайды taulik.kz.
«Шақыруға барған жедел-тергеу тобы асылып өлген 38 жастағы ер адамды, 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық баланы анықтады. Тексеру барысында Б. есімді азаматтың  жұбайы Д. есімді азаматшаға жіберген аудиожазбасы анықталды. Ол аудиода өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан», - делінген Маңғыстау облысы полициясы таратқан ресми ақпаратта.
Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алғандығы және бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.
«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының полициясына сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген хабарламада.