Жаңалықтар

Еліміз шетелден жұмысқа жетіспейтін 100 маман алдырмақ

Еліміз шетелден жұмысқа жетіспейтін 100 маман алдырмақ

Елімізге шетелден 100 үздік маман тарту көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. Мигранттардың жұмыс орнына қатаң бақылау орнатылатынын мәлімдеді.
Елімізде тапшы әрі сырттан жиі шақырылатын мамандық түрі бойынша шетелден 100 үздік маманды өзімізге тарту көзделеді. Ол үшін Қазақстанда тұруға ықтиярхат беру қаралған "Бағалы дағдылар визасы" болады”, - деді Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов.
Маман жетіспейтін мамандық тізімі жасалатынын да айтты.
“Негізгі мақсат –  білім трансферті мен осы кәсіптер бойынша өз мамандарымызды даярлау. Келесі, көрші елдерден, соның ішінде тіркеусіз, бейресми арналар арқылы келіп жатқан еңбек мигранттары қозғалысын есепке алуды күшейту”, - деді Ілияс Испанов.

Taulik.kz