Құлыбаевқа тиесілі депо жұмысшылары шеруге шықты
Құлыбаевқа тиесілі депо жұмысшылары шеруге шықты
Тараз қаласында «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалының локомотив жөндеу депосының жұмысшылары шеруге шықты, деп хабарлайды Taulik.kz.
Шеруге шыққандар басшылыққа жалақыны 100 пайызға көтеруді талап етті.
«Сыйақыларды төлеу мәселесін ЖШС құрылтайшылары алдын ала мақұлдады. Жалақыны көтеру мәселесі алдағы уақытта жұмыс тобының отырысында топ мүшелерінің қатысуымен талқыланады» деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы.«Қамқор Локомотив» ЖШС құрылтайшысы төрт адам. Бірі Тимур Құлыбаев.
Taulik.kz