Несиесін төлей алмаған студент әкесін өлтірмек болған
Несиесін төлей алмаған студент әкесін өлтірмек болған
Түркістан облысы сотының хабарлауынша, сотталушылар Е., Б., У. және Т. 2021 жылғы маусым-тамыз айлары арасында банктердің бірінің Төлеби ауданындағы филиалынан маусым-тамыз айлары аралығында бірнеше рет тауарлай несие алған. Жалпы сомасы 1 028 398 теңге болған. Алайда жұмыссыз болғандықтан ай сайын оны қайтара алмаған, деп хабарлайды taulik.kz Айқынға сілтеме жасап.
«Сотталушы Е.-нің әкесі 1979 жылы туған әкесі К. қатал болғандықтан одан ақша сұрай алмаған және несиесін айтуға қорыққан. Содан несиеден құтылу және пайда табу мақсатында әкесін қасақана өлтіріп, мал шаруашылығын иемдену ниеті болған. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында алдын ала сөз байласқан таныстары Б., У мен Т. сотталушының тікелей тапсырысы бойынша әкесін қасақана өлтіру үшін жәбірленушінің үйіне келген. Содан қорада бір қой өлейін деп жатыр деген сылтаумен жәбірленушіні қора жаққа шақырып, есігін ашқан Кемеловтың денесіне ретсіз пышақ ұрған. Жәбірленуші өз өміріне қауіп төніп тұрғанын сезіп артқа шегініп, күрек сабымен қорғана бастаған. Салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алған», - деп хабарлады Түркістан облысы сотының баспасөз қызметі.Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауабы мен сараптама қорытындылары, оқиға болған жерді қарау және беттестіру хаттамалары, сонымен бірге заттар арқылы дәлелденген. Сотталушылар кінәсін ішінара мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұраған.