Моңғолиядағы көмір ұрлау дауына президенттің қатысы бар болып шықты
Моңғолиядағы көмір ұрлау дауына президенттің қатысы бар болып шықты
Моңғолияның бұрынғы президенті Халтмаагийн Баттулга, жеті депутат пен бір губернатор көмірді ірі көлемде ұрлау ісіне күдікті деп танылды, деп хабарлайды Taulik.kz inbusiness.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Президент Әкімшілігінің бұрынғы төрағасы, сондай-ақ көлікті дамытудың бұрынғы министрі Баттулга көмір өндіруге, тасымалдауға және тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік ақшаға сатып алуға қатысқан.
"Қазіргі уақытта барлығы 22 тергеу ісі жүргізілуде. Тергеу барысында 47 нысанда тінту жүргізіліп, 15 адам қамауға алынып, он адам ұсталды", - деді Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті тергеу бөлімі басшысының орынбасары.Бұған дейін моңғол мемлекеттік көмір өндіру және экспорттау компаниясының бұрынғы басшысы Баттулгын Ганхуягты, оның туыстарын және бірнеше кәсіпкерлер тінту жүргізілгеннен кейін ұсталғаны белгілі болды.
Taulik.kz