Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Қызылордада 17 жастағы қыз қаладағы аспалы көпірлердің бірінен секіріп кетті. Оқиға түнгі он шамасында болған. Қазір бұл жағдайдың себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды taulik.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Соңғы уақытта көпірден немесе биік ғимараттардан секіріп, өмірмен қош айтысқысы келетіндер көбейген. Астанада биыл 255 өзіне-өзі қол салу дерегі тіркелген. Оның 35-і өліммен аяқталса, 217-сі аман қалған», - дейді Қызылорда қаласы ПД тергеу бөлімінің орынбасары Әуелхан Құдайберген.