Жаңалықтар

Өзбекстандағы пәтерлердің жылуын президенттің өзі барып тексерді

Өзбекстандағы пәтерлердің жылуын президенттің өзі барып тексерді

Бүгін әлеуметтік желіде Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевтің кенеттен Үчтепа ауданы тұрғынының пәтеріне барып, үйінің жылы ма деп сұрағанын көруге болатын видео тарап кетті, деп хабарлайды Taulik.kz.

Айта кетейік, өзбек азаматы есікті ашып, артында президент тұрғанын көргенде сәл абдырап қалды.

Мирзиеев: «Үйіңізде жылу қалай?» деп сұрады.

«Шынымды айтсам, аздап суық...» дейді азамат.

«Жалпы, жылу сіздерге жеткілікті ме?», - деп Мемлекет басшысы нақтылауды жөн көрді.

«Жақсы, тоңып отырған жоқпыз...», - дейді ол не болып жатқанын әлі толық түсінбей.

Мемлекет басшысы үй иесінің қанша баласы бар екенін, тіпті оны таныған-танымайтынын да сұраған.  Ол кісінің бес баласы бар екені белгілі болды, әрине ол президентті бірден таныған.  Сондай-ақ ер адам Мирзиеевтен қобалжып, абдырап қалғаны үшін кешірім сұрады. Кейін ер адам президентпен қол алысып, қоштасты.

Taulik.kz