Зорлық зомбылық: Ата-ана баласын әскерге жіберуден қорқады
Зорлық зомбылық: Ата-ана баласын әскерге жіберуден қорқады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева Қазақстан армиясындағы зорлық-зомбылыққа байланысты Қорғаныс министрлігіне жүгінді, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
"Әскери полиция органдары туралы" заң жобасын талқылау барысында депутат қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденовке сауалмен жүгінді.
"Қабылданған шараларға қарамастан, әскери ортада жиі жауынгерлік емес шығындарға әкеп соқтыратын зорлық-зомбылық, әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау деректері әлі күнге дейін жойылмай отыр. Бұл жайт қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызады және осы себепті ұлдарының өмірі мен денсаулығы үшін қауіптенген көптеген ата-ана оларды армияға жіберуге қорқатынын мойындау керек", - деді Дементьева.
Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов талқыланып жатқан заң жобасында әскери полиция қызметі функцияларының бірі алдын алу тек заңның өзінде ғана емес, сонымен бірге ілеспе заң – профилактика туралы заңда да белгіленгенін айтты.
Custom script AMP
"Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігіне қарасты әскерлерде алдын алу жұмыстарының арқасында құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтардың 20 пайыздан аса төмендеуі байқалады. Сондықтан мен гарнизондарда алдын алу мен үйлестіруді әскери полициядан басқа бас қадағалау органы, Бас әскери прокуратураның қызметкерлері жүргізетінін толық қолдаймын. Бұл профилактикалық жұмыстар олармен бірлесіп жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді Қамалетдинов.
Taulik.kz