Интернеті жоқ ауылда студенттер сессияны қалай тапсырады? - Төраға жауап берді
Интернеті жоқ ауылда студенттер сессияны қалай тапсырады? - Төраға жауап берді
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки студенттердің сессияны қалай тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
Брифингте журналистер комитет төрағасына:
«Кейбір оқу орындары сессия болмайды деп студенттерді үйлеріне жіберген. Енді сессия өтетін болып жатыр. Олар интернеті нашар ауылдарда онлайн-сессияны қалай тапсырады ?»,- деп сауал тастады. «Бұған жауапты адамдар жақында барлығын түсіндірген болатын. Әр оқу орны сессияны өзінің оқу кестесіне байланысты ұйымдастырады. Жалпы, мұндай тәжірибе бізде коронавирус кезінде болды. Мен университеттер оны толық қамтамасыз ете алады деп ойлаймын», - деп жауап берді Дархан Ахмед-Зәки журналистер сауалына орай.
Taulik.kz