Қазақстанда тәртіп сақшылары 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Қазақстанда тәртіп сақшылары 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Қазақстанда тәртіп сақшылары 10 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Taulik.kz.
Мәжілісмен Ерлан Саиров тәртіп сақшыларының жауапкершілігі туралы сұрады.
"Қайғылы қаңтар кезінде Талдықорған қаласында, Жамбыл және Қызылорда облыстарында кейбір қызметкерлер жұмыстарын тастап кетіп қалған болатын. Прокуратура өкілдеріне сұрағым бар, осы орган басшыларына қандай шара қолданылды?", - деп сұрады Саиров.Осы айда заңға тиісті өзгерістер енгізілгенін айтты.Custom script AMP"Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Төтенше жағдай кезінде жұмыс орындарын тастап кету, өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша Қылмыстық кодекске жаңа бап енгіздік. Онда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Жоғарыда айтқанымдай, мен толық ақпаратты бөлек бере аламын", - деп жауап берді Бас прокуратура өкілі.Taulik.kz