Жаңалықтар

Астанада Путиннің экс-қауіпсіздік қызметкері қамауға алынды

Астанада Путиннің экс-қауіпсіздік қызметкері қамауға алынды

Елордада әскери қызметтен қашқаны үшін Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСО) бұрынғы қызметкері Михаил Жилин абақтыға алынды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
 «2022 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Есіл ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша Ресей азаматы М. Жилинге қатысты оны 40 тәулікке уақытша қамауға алу туралы шешім қабылдады» деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.
  «Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті (РФ Қылмыстық кодексінің 322-бабы, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру) және әскери жауапты қызмет орнын өз еркімен тастап кеткені үшін (РФ Қылмыстық кодексінің 338-бабы, 15 жылға дейін) деп айыпталуда.
Қашқын ФСО-да 18 жыл қызмет етті.  Новосибирск қаласындағы ФСО арнайы байланыс және ақпарат орталығының инженері болған.  Ол үкіметтік байланыстарды қамтамасыз етумен айналысқан, бұл оның мемлекеттік құпияларға қатысы бар екенін білдіреді» делінген хабарламада.

Taulik.kz