Жаңалықтар

Елімізде «Яндекс таксиге» қатысты тергеу басталды

Елімізде «Яндекс таксиге» қатысты тергеу басталды

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов еліміздегі "Яндекс.Такси" тарифтеріне байланысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Taulik.kz. Ауа-райының жайсыздығына байланысты Яндекс такси бағалары да бір мезетте өсіп кетеді. Сол себепті тексеріс жүргізілуде.
Белгілі бір шаралар қабылданып, комиссия төмендетіледі.
"Жалпы, такси нарығын цифрландыру кез келген жағдайда нарықты монополиялауға алып келді. Өйткені мұнда маржиналдылық жоғары емес. Агрегаторлар қызмет көлемін ұлғайту арқылы ақша табады. Екінші жағынан, агрегатордың қызметіне сұраныс неғұрлым жоғары болса, оның бағасы соғұрлым жоғары болады. Тарифтердің өсуі осыған да байланысты. Дегенмен, бұл нарықта бәсекелестік бар. Сонымен қатар, "Яндекс. Такси", InDriver, басқа агрегаторлар және такси компаниялары бар. Мұнда барлығын клиент шешеді", - деп түсіндірді БҚДА басшысының орынбасары.

Taulik.kz