Жаңалықтар

Тәліптер шетелдік туристік компаниямен келісім шартқа отырды

Тәліптер шетелдік туристік компаниямен келісім шартқа отырды

Ауғанстанның билік тізгінін ұстаған тәліптер өкілдерінен жасақталған уақытша үкімет шетелдік туристік агенттікпен келісім-шартқа отырды. Бұл жайында islam.kz порталы мәлімдейді. Аталмыш келісім-шарт өз кезегінде шетелдіктер үшін аң аулау ережелерін реттейді, сондай-ақ, саяхатшыларға арналған емхана құрылысын қаржыландыруды міндеттейді. Дәлірегі, келісімшартта королдік құстарды атуға рұқсаты бар аңшыларға арналған ережелер қамтылады. Бұдан бөлек, шетелдіктер демалыс орындарында  қайырымдылықпен айналысуына мүмкіндік қарастырылған, яғни, аурухана мен мектеп құрылысына жәрдем бере алады, мұқтаждарға ақшалай және азық-түлікпен көмектеседі. Аталған міндеттемелер орындалмаған жағдайда туристер заңvty жауапкершілікке тартылады. Осы орайда жыл басынан бері Ауғанстанның туристік саласы 42 млн доллар табыс тапқанын айта кету керек.

Taulik.kz