Жаңалықтар

Кенесары ханның бас сүйегі елге қашан жеткізіледі?

Кенесары ханның бас сүйегі елге қашан жеткізіледі?

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Кенесары ханның туғанына 220 жыл толуына орай оның басы елге қашан жеткізілетіні туралы айтты, деп жазады taulik.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап. Осыған дейін Кенесары ханның бас сүйегінің табылғаны туралы кейбір дереккөздер хабарлаған болатын. Алайда бұл сұраққа қатысты министр Дәурен Абаев жауап беріп, ақпаратты жоққа шығарды.
Әзірге Кенесарының басы табылған жоқ. Қалай табылады, бірден елге әкелеміз. Әкелу үшін бірінші оны табу керек, – деді Абаев.
Қазақтың соңғы ханы, ұлт азаттығы үшін күрескен Кенесары Қасымовтың туғанына биыл 220 жыл толды. Халық арасында оның бас сүйегін туған жеріне әкелу туралы бірнеше рет бастама көтеріліп, Ресей музейлеріне сұрау салынған еді. Алайда ханның басын елге әкелу туралы бастама аяқсыз қалып келеді.