Кімдерге несиесін кейін төлеуге мүмкіндік берілді?
Кімдерге несиесін кейін төлеуге мүмкіндік берілді?
Қазақстанда мерзімді қызметтегі сарбаздарға несиесін кейін төлеуге мүмкіндік берілді. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мерзімді қызметтегі сарбаздарға «несиелік демалыс» беру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды taulik.kz.
«Бұл бастама мерзімді қызметтегі сарбаздарға әскери қызметін атқару кезінде өз несиесін кейін төлеуге мүмкіндік береді. Несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру барлық банк пен микроқаржы ұйымына байланысты. Осылайша сарбаздардың барлық қарызын төлеуді тоқтату көзделеді. Шақыру науқаны кезінде болашақ Отан қорғаушылардың банктен алған қарыздары мен шағын несиелері туралы мәліметтер бірден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберіледі. Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алуды тоқтата тұру мәселесін пысықтайды», - деп жазылған Қорғаныс миниситрлігі таратқан хабарламада.