Жаңалықтар

Нығматуллин жеке зауытын салуға мемлекеттен 177 млрд теңге алғаны рас па?

Нығматуллин жеке зауытын салуға мемлекеттен 177 млрд теңге алғаны рас па?

Ерлан Нығматуллин бірнеше зауыт салуға мемлекеттен 177 млрд теңге алған. Бұл туралы Власть басылымы мәлімдеді.  Ерлан Нығматулин орынбасарлық қызметінен кеткен соң Қарағандыда 3, Екібастұзда бір ферроқорытпа зауытын ашты. Ал оларды дамыту үшін Нығматулин мемлекеттік банк пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан ақша алған. 2018-2021 жылдар аралығында үкімет бақылайтын Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) Нығматулиннің компанияларына 3 несие берді. Нығматулин мен оның серіктестерінің зауыттарына мемлекеттік банк 125,7 миллиард теңгеге демеушілік жасаған екен.  Олардың өздері небәрі 39,9 млрд. тұрады. Бірақ бұл Нығматулин мен оның серіктестерінен алынған мемлекеттік қолдаудың барлығы емес.  Олардың зауыттары баж салығы мен ҚҚС-тан босатылып, зауыттары үшін 126 гектар екі жер учаскесі ұзақ мерзімге жалға берілді. Нығматулиннің зауыттары қаржылық есептерін көпшілікке жарияламайды.  Бірақ жанама дәлелдерге сүйенсек, олардың кірісі небәрі 3 жылда 108,1 миллиард теңге болған.

Taulik.kz