Атырауда 67 жасқа келген әжей өмір бойы құжатсыз жүрген
Атырауда 67 жасқа келген әжей өмір бойы құжатсыз жүрген
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының 1955 жылы туған тұрғыны ұзақ уақыт бойына белгілі себептерге байланысты жеке басын куәландыратын жеке куәліксіз жүрген, деп хабарлайды Taulik.kz Атырау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған оқиға бойынша Қызылқоға ауданының Көші-қон полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмыс барысында жедел әркет етіп, 67 жастағы азамшаның жеке басын анықтай отырып, заңға сәйкес тиісті құжаттар тізбесін жинақтап, жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеу арқылы жеке куәлігін дайындап, табыстады.
«Белгілі бір себептерге байланысты жеке куәлік алуға мүмкіндігім болмады. Тәртіп сақшыларының өз құзіреті шегінде атқарған қызметінің арқасында Қазақстанның азаматы екенімді растайтын жеке куәлікті алғаныма қуанып отырмын. Олар бірден мені тіркеуге алып, жедел түрде аз уақыт ішінде жеке куәлігімді дайындап берді. Қызылқоға аудандық Көші-қон полицейлеріне айтар алғыс шексіз» – деп мұқырлық тұрғын ризашылығын айтып, ыстық ықыласын білдірді.Аталған азаматша зейнеткерлік жаста болса да осы уақытқа дейін зейнетақы да алмай келген. Аудандық полицейлердің дайындауға жәрдемдескен жеке куәлігімен құзырлы органдарға барып зейнетке шығу құжаттарын тапсырды.
Taulik.kz