Жаңалықтар

Ақтөбеде балалар отырған көлік жол апатына түсті

Ақтөбеде балалар отырған көлік жол апатына түсті

Ақтөбеде жаттықтырушы мен балалар мінген көлік жол апатына ұшырап, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz. 2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 шақырымында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Estima» автокөлігі аударылды. Автокөлік ішінде 11 адам, соның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан. Оқиға салдарынан 1 бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Taulik.kz