Жаңалықтар

Қазақтың ұлттық тағамдары инсульт ауруына алып келеді - Шетелдік басылым

Қазақтың ұлттық тағамдары инсульт ауруына алып келеді - Шетелдік басылым

Ұлыбританияда шығатын Guardian басылымы қазақ ұлттық тағамдарындағы тұздың шамадан артық мөлшері инсульт, қан қысымының жоғарылауы сияқты ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін екенін жазады. Бұл туралы Азаттық радиосы мәлімдеді. Қазақ ұлттық тағамдарының бәрін тұзсыз елестету мүмкін емес: құрттан бастап асылған етке дейін тұз қосылады. Орталық Азияда тағы бір танымал тамақ – бір табақ лағманда 5 г тұз бар, ал бұл бір адам тәулігіне тұтынуға тиіс тұздың мөлшеріне парапар. Тұзды күніне төрт есе көп тұтынатын елде инсульт пен жоғары қан қысымымен ауыратындар артып жатыр. Дәулет Құлтаевтың әжесі жыл басында инсульттан қайтыс болды. Құлтаевтың өзі де небәрі 24 жасында ишемиялық инсульт алған. Дәрігерлер бұған салауатты өмір салтын ұстанбау және тұзды шамадан тыс тұтыну себеп екенін айтқан.
Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургы Ержан Әділбеков қазақтар күнне 17 грамм тұз тұтынады, ал бұл тым көп дейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесінде жұмыс істейтін Лаура Өтемісова тұзды шамадан тыс тұтыну жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу қаупін арттырады дейді. Өтемісованың айтуынша, тамақтану жөніндегі жұмыс тобы Қазақстанда ДСҰ ұсыныстарына сәйкес тағам өнімдерінің 100 грамында қанша тұз, қант пен май мөлшері бар екенін көрсетуді міндеттейтін алғашқы қадамдар жасады. Өтемісованың сөзіне қарағанда, тамақтың құрамы бойынша ақпараттандыру кампанияларын әйелдерге бағыттау маңызды, өйткені отбасы қандай ас ішіп-жейтінін көп ретте әйелдер анықтайды.

Taulik.kz