Орыс басшы «колхозной вариантсың» деп қазақ журналистін кемсітті
Орыс басшы «колхозной вариантсың» деп қазақ журналистін кемсітті
«Хабар 24» телеарнасының тілшісі Аслан Қаженовті жеңіл атлетика федерациясының өкілі кемсіткен. Бұл туралы оның өзі Facebook-тегі парақшасына жазды.
Түрім колхозға ұқсап тұр ма? Неге үнемі өзге ұлт өкілдерінен осындай балағат естиміз? Бір емес, екі емес... Ана жолы Илья Ильин «низкий поступок жасадың» деп еді, енді Павел Кукин «колхозной вариантсың» дейді. Бұның шегі бар ма өзі?! - деп күйінді әріптесіміз.Айтуынша, ол Астанада өткен жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов атындағы халықаралық жарысқа барған. Сол кезде федерация өкілі «Әмин Тұяқовтан сұхбат жазасыңдар ма?» деп сұраған. Сұхбатқа келіскеннен кейін тілшіге «Бірақ курткаңды шешіп тасташы, колхозный вариант» деп салған.
Алдымен аты-жөні мен қызметін сұрадым. Айтпады. Одан кейін «Неге олай айтасыз? Сіз мені танымайсыз да. Сондықтан кешірім сұраңыз! Мәселені жабамыз. Сосын сұхбат алуға барамыз», - деп тұрып алдым. Цитата. Әдейі Сіз деген сыпайылықтан шықпадым және қолымды алып жүгірмедім. Ал ол естімеген, елемеген болды. Қысқасы, қателігін мойындап, сөзін қайтып алуға дәті бармады. Ішіндегі бірдеңесі жібермеді, - дейді Аслан Қаженов.Журналист өзін қорқытпақ болғандарын да баяндады.
Мен осымен екінші рет тірі өлікке айналдым. Бірер ай бұрын Илья Ильин қазақ тілінде сұхбат сұрағаным үшін (онда да басқа адамнан) «низкий поступок жасап жатсың» деп еді. Енді бұл жолы тағы біреу (атқарушы директор) курткама қарап, «колхозный вариант» дейді. Екеуі де кешірім сұрамады. Екеуі де өз міндетін атқарып жүрген қазақ журналисін балағаттады. Тіпті, соңында, керісінше, өзімді қорқытқысы келеді, - деп жазды ол.
Taulik.kz