Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар комиссиясы орыстілді арналарды көрсетуді тоқтатты

Төтенше жағдайлар комиссиясы орыстілді арналарды көрсетуді тоқтатты

Молдованың Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы орыс тілінде хабар тарату лицензияларын тоқтату туралы шешімін ел билігінің қоғамдық пікірді бұрмалау әрекеттерінің алдын алуды мақсатымен түсіндірді, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 
Комиссия мұны арналардың Украинадағы соғыс туралы жалған ақпарат таратуымен дәлелдеген. Комиссия мүшелері жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, арналар «өз хабарларында халықаралық оқиғалар мен Украина соғысы туралы толық емес ақпарат берген».
«Телехабар тарату лицензияларын тоқтату туралы шешім «қоғамдық пікірді бұрмалау және жалған ақпаратты тарату әрекеттерінің алдын алу» мақсатында қабылданды», - деп атап өтті комиссия.
Хабар тарату арналарына лицензияның тоқтатылуын құптай отырып, Молдова президенті Майя Санду «елді тұрақсыздандыру әрекеттерінің алдын алу үшін маңызды қадам жасалғанын» атап өтті. Дегенмен, TV6 арнасы Facebook желісіндегі аккаунтында бұл шешімді «мүлдем негізсіз» және «сөз бостандығына бұрын-соңды болмаған шабуыл» деп атады. Ал Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова «Молдавияның миллиондаған орыстілді тұрғындары өздеріне ұнайтын жаңалықтар көзінен айырылғанын» айтты. Ол мұны «Молдавадағы азшылықтардың құқықтарын дөрекі түрде бұзу» деп бағалады.

Taulik.kz