Модрич Катарда өткен ӘЧ-дан кейін Хорватия құрамасынан кетпейді
Модрич Катарда өткен ӘЧ-дан кейін Хорватия құрамасынан кетпейді
Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич Катарда өтіп жатқан футболдан ӘЧ-дан кейін де құрамадағы ойынын жалғастыратынын, кетпейтінін айтты.
Айта кету керек, бұған дейін Хорватия құрамасы сенсация жасап келе жатқан Марокконы ұтып, ӘЧ-ның қола медалін алды. 2018 жылы өткен әлем чемпионатында күміс алған болатын.
«Иә, бұл мен үшін ӘЧ-дағы соңғы ойын болуы мүмкін, бірақ нақты бірдеңе деу қиын. Расында, мен ұлттық құрамадағы ойыныма ризамын. Кубокты көтергім келді, бірақ қолымнан келмеді. Дегенмен ӘЧ-да екі бірдей жүлде алу өте жақсы көрсеткіш. Әрі қарай қалай болатынын көреміз. Ұлттар лигасында ойнағым келеді, содан кейін не болатынын көреміз», - деді жартылай қорғау Marca басылымына берген жауабында.