«Қазақ Назарбаевты ұмытпасын». Бұл нені білдіреді?
«Қазақ Назарбаевты ұмытпасын». Бұл нені білдіреді?
Жаңа жылдан кейін отандық блогосферада (фейсбук, ютуб, телеграм) Нұрсұлтан Назарбаевтың кезіндегі еңбегін әспеттейтін пиар кампания жүретін болады, деп жазады taulik.kz dalainside telegram арнасына сілтеме жасап.
Оны кезінде тұңғыш президенттің арқасында байыған отандық олигарх (Форбс тізімінің алғашқы ондығында) қаржыландырмақ. Бұл – «жұрттың бәрі Назарбаевтан теріс айналып жатқанда, мен ондай иттік жасамаймын» деген олигархтың азаматтық позициясы болып отыр.
Пиар кампанияның концепциясы дайын. Ол жаңа жылдан бастап, 6 шілде - Назарбаевтың туған күніне дейін жүрмек.
Негізгі 3 месседж төңірегінде посттар жазылатын болады:
- Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның негізін қалады;
- Назарбаев елдің барлық шекарасын заңмен бекітті. Әсіресе Қытайды көндіре білді;
- Назарбаевтың кезінде ешқандай ірі қақтығыс/трагедия болмады. 30 жыл тыныш өмір сүрдік.