Жаңалықтар

Қазақ спортшы нағыз қанды айқас жасады (ВИДЕО)

Қазақ спортшы нағыз қанды айқас жасады (ВИДЕО)

UFC-де өнер көрсететін қазақ файтер Қайсар Махсат (9-2) Лас-Вегестағы UFC Fight Night турнирінде қанды айқас өткізді, деп хабарлайды taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 23 жастағы Қайсардың қарсыласы 28 жастағы мексикалық Рафа Гарсия (14-3) болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раунд толық өтіп, төрешілер шешімімен Гарсияның пайдасына аяқталды. Спортшылар жеңіс үшін барын салып жұдырықтасты. Екінші раундта Қайсар қарсыласын шынтақпен ұрып, басын жарды. Осыдан кейін октагонның бәрі мексикалықтың қанымен боялды. Ал үшінші раундтан кейін айқасты ары қарай жалғастырмақ болған қарсыластарды ажыратуға тура келді. Мексикалықтың командасындағы Каб Свонсонның сөзінше, Рафаның басына тиген соққы тура тамырға келіп, жекпе-жектен кейін қанды тоқтатуға екі сағат кеткен және 15 тігіс салу керек болған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от UFC Russia (@ufcrussia)