СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүздесуде өзбек-америка стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы сөз болды. Тараптар жоспардағы іс-шараларды, соның ішінде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік диалогының кезекті отырысын талқылады.
Сонымен бірге диалог барысында сауда мен инвестиция, инновация, ауыл шаруашылығы, энергетика және басқа да салалардағы қарым-қатынастарды нығайту жөнінде ұсыныстар қаралды.
Бұның алдында Ресей мемлекеттік думасының баспасөз қызметі спикер Вячеслав Володин Өзбекстанға АҚШ-пен әріптестігінің салдары жөнінде ескертті деп хабарлаған. Володиннің мәлімдеуінше, “АҚШ пен оның Еуропадағы стратегиялық әріптестері арасындағы қарым-қатынастың нәтижесі Өзбекстан үшін Вашингтонмен әріптестігінің салдарын бағалауға мысал болады”.
Дума таратқан мәліметке қарағанда, Володин Еуропа үшін мұндай “стратегиялық әріптестіктің соңы” экономикадағы проблемалармен аяқталды деген.
Елші Хеник АҚШ әкімшілігі Өзбекстанға қаржылай, техникалық көмек көрсете беретінін, коронавирус індетімен күресте қайтарымсыз көмегін аямайтынын айтты.
“Мұндағы адамдар дана, сауатты – бұның салдары немен аяқталатынын түсінеді”, - деген АҚШ өкілдерінің аймаққа жиі келетініне қатысты пікір білдірген Дума спикері.Володиннің Өзбекстан мен АҚШ әріптестігі төңірегінде сес көрсете сөйлегені әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылардың дені спикер сөзін егемен мемлекеттің ішкі ісіне араласу деп бағалаған.