Жаңалықтар

Президенттің баспасөз хатшысы Козачковқа қатысты пікір білдірді

Президенттің баспасөз хатшысы Козачковқа қатысты пікір білдірді

Журналист Михаил Козачковтың ұсталғанына қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды, Taulik.kz.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті», - деп жазды ол.