Яндекс таксиде жүрген 200 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін – депутат
Яндекс таксиде жүрген 200 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін – депутат
Яндекс.таксиде қызмет ететін 200 мыңға жуық қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Қазақстанда 200 мыңға жуық азамат Яндекс такси арқылы нәпақасын табады. Меніңше, бұл аса қырағылық пен үкіметтің тікелей назар аударатын басты мәселе. Біріншіден, Яндекс такси қосымшасының таксишілерден алатын комиссиясы – 18-22 пайыз арасы. Бұл не деген дүниеқорлық? Бәсекелестікті дамыту агенттігі қайда қарап отыр? Бұл – біздің Қазақстанның салығынан да көп комиссия. 200 мыңға жуық қазақстандық соншама ақшаны шетелдік ұйымға кетіріп жатыр. Неге осыны бақылауға алмайды?» - деп мәселе көтерді депутат.Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, дәл Яндекс.такси секілді елімізде ауқымды жұмыс істейтін қосымша жоқ.
«Ресейге әртүрлі санкция салынып жатыр. Мысалы қателеспесем Эстония мен Литва Яндекс таксидің жұмысын тоқтатты. Ертең 200 мың қазақстандық бір күнде жұмыстан сырт қалу қаупі бар», - дейді ол.
Taulik.kz