Ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге боп нақты бекітілді
Ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге боп нақты бекітілді
Қазақстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі хабарлады.
«Ұзақ уақыт бойы ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінде белгіленді, тек 2019 жылы ғана бұл мәннен жоғары – 42,5 мың теңге анықталды. 2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ең төменгі жалақы 60 мың болды» деп түсіндірді министрлік.Қазақстанда ең төменгі жалақының төмен болуының басты себебі айтылды.
«Бұл үрдістің жалғасуы жалақы деңгейіне кері әсерін тигізуде, өйткені халық табысының негізгі үлесін еңбек қызметінен түскен кірістер құрайды, бұл табыс құрылымындағы 73%-дан астам» деді министрлік.
«Бұл қадамдар бүкіл еңбекақы жүйесін дамыту үшін өте маңызды, өйткені олар ең төменгі жалақы алатындарға ғана емес, сонымен қатар оның негізінде жалақысы есептелетіндерге де әсер етеді. Динамикалық өсіп келе жатқан және негізделген ең төменгі жалақы халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсуіне оң әсер етуі керек» деп атап өтті бөлім.
Taulik.kz