Жаңалықтар

«Әйелі туралы жазғаныма ренжіген»: Козачковтың хаты жарияланды

«Әйелі туралы жазғаныма ренжіген»: Козачковтың хаты жарияланды

18 желтоқсан күні «ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектесті» деген күдікпен ұсталған журналист Михаил Козачков өзіне тағылған айыптың барлығын жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Елдос Қоспаевтың рейдерлік әрекетіне көмектесті деген деректердің жалған екенін журналист өз адвокаты арқылы жіберген хатында мәлімдеген. Хаттағы ақпаратқа сәйкес, оның ұсталуы Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысы Жанат Элимановпен тікелей байланысты делінген.
«Элиманов әйелі туралы жазған мақалама ренжулі. Мен оның әйелі қаржылық пирамида ісінде жәбірленуші болған кезінде сол туралы жазғаным рас, ал Элиманов шамасы ренжіп қалған сияқты», – делінген адвокат Елена Жигаленоктың парақшасында жарияланған Козачковтың ашық үндеуінде.
Ол 52 млн теңге алу туралы ақпаратты да жабылған жала, өтірік деп жазған.
«Мен бұл айыптардан қорықпаймын. Мен алды делінген миллиондарды көрсетуді ғана сұраймын. Дүйім елдің көзінше сотта қалай дәлелденетінін көрейік», – дейді Козачков.
Ол өзін тым аңғал болғаны үшін ғана кінәлі деп санайды.
«Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін елімізде Жаңа, Әділетті Қазақстан құрғысы келетініне тез сеніп қалдым. Мен халқымыз Қазақстанда 30 жыл бойы сыбайлас жемқорлық шөлін аралап шыққаннан кейін, ақыры нағыз әділеттілік болады, шенеуніктердің бейберекеттігі тоқтайды және біз өз балаларымызды тыныш өсіре аламыз деп ойладым», – деп жазады журналист.
Казачковтың айтуынша, ол уақытша ұстау изоляторында бір тәуліктен астам уақыт болған және оған әлі ресми айып тағылған жоқ.
«Осыған байланысты мен тіпті куәлік бере алмаймын, күні бойы адвокаттармен бірге отырып тиісті қаулыны күтіп отырмыз», – деген Козачков хатта.