Жаңалықтар

Ресейдің 6 телеарнасының көрсетілімі тоқтады

Ресейдің 6 телеарнасының көрсетілімі тоқтады

Молдова билігі Ресейдің өз еліндегі алты телеарнасының көрсетілуін тоқтатты. Телеарналардың лицензияларының күші жойылды, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
«Украинада соғыс басталғалы бері Молдовада жұмыс істеп келе жатқан төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия 16 желтоқсан күннің кешінде-ақ Ресейдің алты телеарнасының лицензиясын тоқтатты. Олардың арасында TV6, Orhei TV, Primul in Moldova, Accent TV, NTV Moldova және RTR Moldova бар», – делінген хабарламада.
Шешім «ұлттық ақпарат кеңістігін қорғау және жалған ақпар тарату тәуекелін ескерту мен қоғамдық пікірді ойнатуға әрекет жасаудың алдын алу» мақсатында қабылданған. Ресей журналистер одағының басшысы Владимир Соловьев Молдова билігінің бұл қадамын «елдегі орыс тілді тұрғындарға берілген қатты соққы» деп бағалады. Осындай ойды Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова да білдірді.