Жаңалықтар

Асқар Забикулин «Алтын адам» премиясына үміткер атанды

Асқар Забикулин «Алтын адам» премиясына үміткер атанды

«Человек года Евразии» ұйымдастыру комитетінің шешімімен Асқар Забикулин «Жыл адамы» байқауында «Алтын адам» премиясының лауреаты атанды, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, осы жылдың 16 қарашасында Астанада Момышұлы даңғылындағы 15 қабатты үйде өрт шығып, бес адам құтқарылған болатын. Сол кезде өрт сөндірушілердің бірі Асқар Забикулин өмірін қатерге тіге отырып, тұрғындарды құтқарып қалғанымен, өзі қатты күйік алып, 20 қарашада ауруханада көз жұмды. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды. Асқар Забикулиннің отбасына 3 бөлмелі пәтер, балаларына болашақта оқу орындарына грант бөлініп, барлық несиесі жабылған болатын. Асқар Забикулин ауруханада жатқанда Президенттің жарлығымен, I дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған еді. Алайда, көп ұзамай денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші көз жұмды. Кейін белгілі болғандай, ҚР ТЖМ мәліметінше өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуына әкеп соқтырған ұзартқыш желісіндегі ақау себеп болған.