Жаңалықтар

Ақтауда жүргізуші көлігінің нөміріне «Өзіміз» деп жазып алған (ВИДЕО)

Ақтауда жүргізуші көлігінің нөміріне «Өзіміз» деп жазып алған (ВИДЕО)

Ақтауда патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады. Тәртіп бұзушының көлігінде мемлекеттік нөмірлердің орнына «Өзіміз» деген жазу болған, деп хабарлайды taulik.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау қаласының Жедел басқару орталығының қызметкерлері 14 желтоқсанда сағат 22:25 шамасында облыс әкімдігінің ғимаратына қарама-қарсы орналасқан жолда Mercedes Benz көлігінің жылдамдықты шектен асырып кеткенін байқаған. Көлікте мемлекеттік нөмірлердің орнына «Өзіміз» деп жазылған.
«Орталық ол жерге патрульдік полиция қызметкерлерін жіберді, тәртіп бұзушы ұсталды. Жүргізушіге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 590-бабы 2-тармағы және 612-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік құралының мемлекеттік белгісі алып тасталды, көлік айыптұраққа жабылды», - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.
https://www.youtube.com/watch?v=aEVDB7BVwtY