Жаңалықтар

«Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз» – Димаш Құдайберген

«Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз» – Димаш Құдайберген

Танымал әнші Димаш Құдайберген Бірінші Орталық Азия медиа форумында, «Бейбітшілік этикасы» тақырыбындағы сессияда сөз сөйледі, деп хабарлайды taulik.kz.
«Түрлі әлемдегі тыныштық пен бейбітшіліктің ең басты кілті – сарымайдан қыл суырғандай саяси дипломатиялық, адами қарым-қатынас мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатты құрметтеуі. Ғалымдардың зерттеуіндегі адамзат тарихы алғаш рет хатқа түскеннен бергі кезеңге көз жүгіртсек, мыңдаған жыл ішінде, яғни бес жарым мың жыл ішінде адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген деседі. Бұл өкінішті жайт. Адамзат санасының бағзы замандардан бері көп өзгермендігін көрсетеді. Әлі күнге дейін талай елдер соғыс зардабын тартып, экономикасы құлдырап жатыр. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын тартуда. Мұның барлығы – бейбітшілік еткен жерлер, берекесіздік жайлайтындығының айғағы. Соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу – қазіргі XXI ғасырдың да ең өзекті мәселесінің бірі болып тұр. Біз неліктен мыңдаған жылдар бойы тату ғұмыр кешуді үйрене алмай келеміз? Осы сұрақ мені көптен бері мазалайды», - деді ол.
Сонымен қатар әнші еліміздің амандығы үшін жұмыс жасауымыз керек екенін айтты.
«Біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жалпы адамзаттың ортақ мүддесі үшін неге біріге алмай келеміз? Бізге не жетпейді? Сондықтан әрқашан дүрдараздыққа жол бермей, достаса алуымыз қажет. Біз бір үйдің, бір мекеннің перзентіміз. Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болсын. Ең бастысы, біздің өскелең ұрпаққа түсіндіретініміз ата-баба қанымен келген Тәуелсіздікті қорғауымыз керек», - деді Димаш Құдайберген.