Қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

20 желтоқсан, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды 19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарланған, деп жазады taulik.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Осы факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады. ҚР ҚК-нің 100-бабы «Ананың жаңа туған баланы өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.