Жаңалықтар

Ауғанстанда әйелдерге университетте оқуға тыйым салынды

Ауғанстанда әйелдерге университетте оқуға тыйым салынды

Ауған әйелдерінің бұдан былай университетте оқи алмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды taulik.kz ВВС агенттігіне сілтеме жасап. Білім министрлігі таратқан мәлімдеме бойынша, әйелдердің университеттерге кіруіне шектеу бірден күшіне енеді. Бұл шектеудің қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Айта кетейік, Ауғанстандағы әйелдер үнемі білім алу мүмкіндігінен айырылады. Өткен жылы тәліптер қыздардың орта мектептерге баруына тыйым салған болатын.