Жаңалықтар

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты(ВИДЕО)

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты(ВИДЕО)

Алматы облысы Кеген ауданында жантүршігерлік көлік апаты болып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агенттігі HALYQ UNI сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан апаттың қалай орын алғанын көруге болады. Мезгілсіз қайғылы қаза көпшіліктің жанына батты. Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда Кеген – Ақсай – Көкпек жолында болған. Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан.
Hyundai Santamo-ның 44 жастағы жүргізушісі Кеген – Көкпек – Тюп жолының 60-шақырымында рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant көлігіне соғылған. Салдарынан оқиға орнында Hyundai Santamo жүргізушісі мен 3 жолаушысы көз жұмды. Тағы 2 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу басталды.