Жаңалықтар

Депутаттар ресми түрде Алаш күнін тойлауды ұсынды

Депутаттар ресми түрде Алаш күнін тойлауды ұсынды

Мәжілісте «Ақ жол» фракциясы Алаш Республикасының құрылған күнін ресми бекітіп, жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды taulik.kz.
«Тәуелсіздіктің негізін қалауда ХХ ғасырдың басында заманауи қазақ мемлекетін құруға ұмтылыс жасап, білімі мен қажыр-қайратын салып, осы жолда шаһид болған ұлт көсемдерінің, Алаш Республикасы арыстарының рөлін ерекше атап өтуіміз керек. Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ақ жол» фракциясы алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдай отырып, 12 желтоқсанды тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде, яғни Алаш күні деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұрайды», - деді Б. Дүйсенбинов.