«Айта берме Мбаппе мен Мессиді»: Балтабек ақынның Тоқаевқа арнауы
Ақын Балтабек Нұрғалиев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлем чемпионатына қатысты өлең арнады, деп жазады Taulik.kz.
«Сөз болып па қашқан допты қуған да?
Сөз болып па қақпаға гол ұрған да?
Айта берме Мбаппе мен Мессиді,
Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғанда!
Ер қадірін білмейтіннен сақтасын,
Әрқашанда мен де жақпын аққа шын.
Қасым-Жомарт Кемелұлы бар бізде
Қорғайтұғын Қазақстанның «қақпасын».
Гол соққаннан елге бақыт орнай ма?
Гол соққаннан қымбатшылық болмай ма?
Қандай пайда Мбаппе мен Мессиден,
Президенттей солар бізді қорғай ма?» - деп жазды ол.