Жаңалықтар

Сүйінші: Қазақ спортшы қарсыласын бірінші раундта жеңді (ВИДЕО)

Сүйінші: Қазақ спортшы қарсыласын бірінші раундта жеңді (ВИДЕО)

Жұмабек Тұрсын (22-10) Алматыда өткен MMA OCTAGON 38 турнирінде жеңіске жетті деп хабарлайды taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Жұмабектің қарсыласы осыған дейін бір ғана рет жеңілген ирандық Ясер Ашаури (4-2) болды. Жекпе-жек бірінші раундтың 32-секундында аяқталды, қазақ файтер қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Айта кетейік, Жұмабек Тұрсын Қытай азаматы болып тұрғанында UFC-де өнер көрсеткен. Ол осы бір әлемдік промоушендегі бірінші қазақ болып есептеледі.