Жаңалықтар

Ана тілін білуге міндетті етуіміз керек – Өзбекстан президенті

Ана тілін білуге міндетті етуіміз керек – Өзбекстан президенті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев кеше парламентте жариялаған жолдауында ана тілін білудің маңызды екенін айрықша атап өтті, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Шавкат Мирзияевтің айтуына қарағанда, «менің перзентім шетел тілдерін біледі, ана тілін білмейді» деген сөз Жаңа Өзбекстанға жөн емес.
«Шетел тілін білу керек, бірақ ана тілін білуге міндетті», – деді президент.
Мемлекет басшысы жолдауды оқу барысында ана тілін (өзбек тілін) білуге ерекше назар аударудың маңызды екенін айтып өтті.
«Ұлттық ерекшелігіміздің нышаны болған, руханиятымыздың негізі болған ана тілімізге назар аудару күшейтіледі. Әлбетте, отбасында біз шетел тілін де білуіміз керек, бұл әрі заман талабы. Бірақ ана тілін білуді міндет етуіміз керек. Міндетті!» – деді президент.