Жаңалықтар

Астанада әйелін соққыға жыққан ердің анасы қылмысты жасырмақ болған

Астанада әйелін соққыға жыққан ердің анасы қылмысты жасырмақ болған

Астаналық отбасылардың бірінде күйеуі әйелін кішкентай балаларының көзінше өлімші етіп сабағаны туралы қылмыстық оқиға анықталды.  Өз сәбилерінің жылауына және әйелінің кешірім сұрауына жауап бермей, тек басынан, бетінен еш аяусыз соққыға жыққан. Қылмыскер әрекетін аяқтаған соң, үйден шығып кетеді. Сол кезде оқиға орнын тазалауға жігіттің ата-анасы мен ағасы келген. Олар келініне көмектесудің орнына асығыс қанды сүртіп, келген дәрігерлер мен полицейлерге жәбірленушіні қалдыру үшін барын салған. Сол сұмдық түннің жай-жапсары мен зардап шегуші әйел «nemolchikz_official» қоғамдық қорына айтып берді, деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агентітгі. – Тоқтатуын өтіндім. Кешірім сұрадым. Бірақ ол тоқтамады. Мен бетімді жауып алайын десем, ол екі қолымды артқа тартып, беттімнен ұруды көздеді. Бұл бір аймақта шамамен 20-25 соққы болды. Мұның бәрін ол сәбилердің (ол кездегі 2,6 жас 1,3 ай) көзінше жасады. Күйеуім пәтерден шыққаннан кейін балаларым мені құшақтап қатты жылады. Ал мен дәлізде қанға боялып жаттым, – деді астаналық келіншек сол түнгі оқиғаны баяндап. Жәбірленуші сол мезетте басқа қалада тұратын анасына қоңырау шалып үлгерген. Және полиция мен жедел жәрдем шақырған. Осы кезде оқиға орнына жәбірленушінің күйеуінің ата-анасы мен інісі  келеді. Олар көмектесудің орнына үйдегі қан іздерін сүртіп, қылмысты жасыруға әрекет жасаған. – Олар барлық жерде қанды жуып, үйдегі ретсіздікті қалыпқа келтіріп жүрді. Сосын мені ваннаға жатқызып, суық су құйып, қанды жуа бастады. Кейін жедел жәрдем келгенде, енем оларға арызданып, өзінің дәрігер екенін, менде бәрі жақсы екенін айтты. Оқиға орнына келген полиция қызметкері енемнің сөздеріне ашуланып, жатын бөлмеден шығуын өтінді. Содан кейін медбикелер мені киіндіріп Астанадағы бірінші қалалық ауруханаға әкелді. Ол жерде басымдағы соққының әсерінен болған жерлерді тігіп берді - деп жалғастырды ол. Әйелдің бас және бас сүйегінің көптеген сынықтарын көрсеткен компьютерлік томографиядан өткен. Екінші қалалық аурухананың жақ-бет хирургиясы бөлімінде емделіп, екі ота жасалған. Алайда, астаналық тұрғынның айтуынша, ол қабырғасының сынуына, басының қатты ауырғанына, бас айналу, жүрек айну, екі жақты көру және бетінің ауырсынуына шағымданғанына қарамастан ауруханадан шығарылған. – Біз барлық медициналық қорытындыларды жіберіп, Кореядағы, Израильдегі, Түркиядағы клиникаларға жүгіндік.  Барлығы бірауыздан кез келген ота түрін жасауға кеш екенін айтты. Өйткені үш аптадан астам уақыт өтіп кеткен. Сүйектер бекіп қалған. Жалғыз жол Ресейлік дәрігерлерге барып бет және бас сүйектерін трансплантациялау операциясына жүгіну керектігін айтты. Операциядан кейін балалармен бірге анама көшіп келдім. Өйткені маған күтім керек болды, - деді жәбірленуші өз жағдайын айтып. Оған бұл күнге дейін үш ота жасалынған.  Келесі ота Мәскеуде жасалынуы қажет. Қатыгездікпен орын алған оқиғадан кейін балаларда ұйқысыздық, жүйке күйзелісі күшейгендігі айтылуда. Қазіргі таңда бүлдіршіндер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны сияқты психолог пен психиатрдың сеанстарына жүгінуде. Жәбірленушінің күйеуіне қатысты тергеу 2022 жылдың сәуір айынан бері жүргізілуде. Қылмыскер Астана қаласындағы тергеу изоляторында қамауда. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша жүргізілген. Зардап шегуші әйел істі әдейі кейінге шегеріп жатыр ма деп қоғам мен мемлекеттік органдардан істі бақылауға алуын сұрайды.