Жаңалықтар

«Toyota-ны елге шақырудың ешбір мәні жоқ» - министр орынбасары

«Toyota-ны елге шақырудың ешбір мәні жоқ» - министр орынбасары

Орталық коммуникациялар қызметінде Шетелдік инвестицияларды елте тартуға қатысты өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Toyota, Apple секілді ірі компаниялардың елімізде өкілдігін ашуға қатысты ақпарат берді, деп жазады taulik.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Алмас Айдаровтың дерегінше, Toyota зауыты қазір Ресейде жұмысын тоқтатпаған, сондықтан оны Қазақстанға шақырудың мәні жоқ.
"Қазір елімізде Kia, Hunday секілді маркалар, қытайлық автомобиль маркалары құрастырылып жатыр. Оның үстіне Toyota-ны мұнда құрастыру бағасы жоғары болуы мүмкін. Сондықтан ол бәсекеге түсе алмай қалуы мүмкін. Оның үстіне корпорация басшыларының дерегінше, қазақстандықтар жақсы көретін "Camry" маркасын өндіру үшін 50 млн-дық нарық қажет. Оның үстіне олардың Ресейдегі өндірісі толықтай тоқтаған жоқ. Сондықтан елімізге Ресейден жеткізіліп жатыр. Осы себептен де елімізде Toyota өндірісін ашу туралы келіссөз жүргізудің мәнісі жоқ", - деді Алмас Айдаров.
Оның айтуынша Apple компаниясына елімізде өндіріс ашуды ұсыну қиынсыз.
"Өйткені елімізде смартфонды өндіруге қатысты бәсекелестік артықшылық жоқ. Білікті жұмыс күші де жоқ. Оның өндіріске қажет өңделген сирек кездесетін металдың көлемі де жеткіліксіз. Арзан жұмыс күші де жоқ", - деді ол.
Сондықтан Apple компаниясымен Алматы қаласында ресми сауда өкілдігін ашу туралы келіссөздер жүріп жатыр. Компания бұл тақылеттес мәселелер 3-4 жыл қарастырылады деген жауап қайтарыпты.