Журналист Тоқаевтың аяқкиімі туралы айтты
Журналист Тоқаевтың аяқкиімі туралы айтты
Журналист Әділ Балтабаев Қазақстан Президентінің аяқкиімі туралы айтты, деп жазады taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір Қазақстан Президенті Өзбекстанда мемлекеттік сапармен жүр. Президентпен түскен суреттердің біріне қазақстандық журналист Әділ Балтабаев пікір білдірді. Ол Мемлекет басшысы өзбекстандық әріптесімен кездесуге отандық аяқкиіммен барғанын атап өтті.
«Айтпақшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өнімге басымдық беруі бірінші рет емес. Мемлекет басшысы еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарымен барған кезде де қазақстандық аяқкиіммен жүрді», - деді журналист.