Әлемдік «Аштық индексі» бойынша Қазақстан 24-орында
taulik
Әлемдік «Аштық индексі» бойынша Қазақстан 24-орында
Аштық индексі бойынша жаһандық рейтингте Қазақстан 121 елдің ішінде 24-орынды иеленді. Елдің индексі – 5,9, деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агенттігі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Индекс неғұрлым төмен болса, ел аштық қаупіне соғұрлым аз ұшырайды.
Көшбасшылар қатарына 17 ел кірді: Беларусь, Босния және Герцеговина, Чили, Қытай, Хорватия, Эстония, Венгрия, Кувейт, Латвия, Литва, Черногория, Солтүстік Македония, Румыния, Сербия, Словакия, Түркия, Уругвай. Ал, ең соңғы орынға Йемен жайғасты.
ТМД елдерінің арасында еліміз Беларусьтен бөлек, Өзбекстанға да жол берді. Ал, Ресей, Армения, Молдова, Әзірбайжан, Украина, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан елдерінен жақсы нәтиже көрсетті.
Осы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысына сәйкес, тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 102,3 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 25%-ға көп. Инвестициялардың нақты көлемінің өсуі 21,1%-ды құрады.
Республика бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастады (20,5 млрд тг). Үздік үштік қатарында Ақмола (18,5 млрд тг) және Алматы (14,4 млрд тг) облыстары бар. Сектордағы инвестициялардың ең аз көлемі Атырау облысына тиесілі (222,9 млн тг).
Тамақ өнімдерін өндіру саласындағы инвестициялар көлемінің жартысынан астамы кәсіпорындардың қаражаты есебінен жүзеге асырылды (63,2 млрд тг). Тағы 27,1 млрд тг – банктік несиелерге, 12 млрд тг банктік емес қарыз қаражатына тиесілі.