Қаракөлде қырылған аққуларды видеоға түсірген блогерге айыппұл салынды
Қаракөлде қырылған аққуларды видеоға түсірген блогерге айыппұл салынды
Бірнеше күн бұрын желіде ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев түсірген фотолар мен видео тарап кетті. Кадрда Қаракөлде аққулардың қырылып жатқаны бейнеленген. Бүгін блогерге Қаракөлде түсірілім жасағаны үшін айыппұл салынғаны белгілі болды. Бұл туралы Qumash telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды taulik.kz.
Фотограф видео жазбасында «жүздеген құстың өлексесі» жағалауда жатқанын айтып өтеді. Одан кейін экология министрлігі өз қызметкерлерін сол жерге жібереді. Бірақ олар тек он өлі құсты табады. Ведомство мәліметінше, өлген бірінші жыл қыстап жатқан аққулар, олар қыстан аман-есен өту үшін өздеріне қажет май жинап үлгермеген. Өлімнің басты себебі – осы.
«Бүгін блогерге Қаракөлде түсірілім жасағаны үшін айыппұл салынды. Оның айтуынша, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (Экология министрлігіне жатады) мәлімдеме жасаған. Енді ол мемлекетке 46 мың теңге, ал сот орындаушысына 11 мың теңге қарыз», - делінген жазбада.