Елдегі ресейлік Wildberries 30 жылға салықтан босатуды талап етті
Елдегі ресейлік Wildberries 30 жылға салықтан босатуды талап етті
Ресейлік Wildberries интернет-дүкені Қазақстанда жұмыс істеу үшін 30 жылға салықтан босатуды сұрап, «жоқ» деген жауап алды, деп хабарлайды taulik.kz.
Қазақстан тарапы елдегі филиалдарын ашу үшін компаниялардың бас кеңселерімен тікелей келіссөздер жүргізуде. Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, брендтің келуі Қазақстан үшін әрқашан тиімді бола бермейді.
«Брендтің келуі біз үшін әрқашан тиімді бола бермейді. Мысалы, Біз Wildberries компаниясымен бірнеше жыл бойы әртүрлі деңгейдегі келіссөздер жүргіздік. Алғашқы келіссөздерде-ақ Wildberries 30 жылға салықтан босатуды, сондай-ақ қоймалар салып көмектесуімізді талап етті. Әрине, біз мұндай шарттарға келіспедік. Біз оларға «ортақ шарт бойынша жұмыс істеуі керек» екенін айттық. Неліктен біз шетелдік компанияға тегін қоймалар салып беріп, оның үстіне салықтан 30 жылға босатуымыз керек? Ал отандық компаниялар ше?» - деді Айдаров.Министр орынбасарының айтуынша, осы себепті Wildberries Қазақстанда ірі қоймаларсыз жұмыс істейді.